Жаңалықтар

Коронавируспен күресуге қанша қаражат бөлінді?

ашық дереккөзі

Коронавируспен күресуге қанша қаражат бөлінді?

Алматыда бүгін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев пен Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова брифинг өткізді. Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, Алматыда эпидахуалды реттеу мақсатында республикалық бюджеттен 73,5 млн теңге бөлінген. «Бұл қаражат маска, дәрілік заттарды, қорғаныс құралдарын сатып алуға жұмсалады. Одан бөлек, қалалық бюджеттен 94.5 млн теңге қаржы бөлінді. Ал науқастарды емдеу ақысы МӘМС қорынан қарастырылады», – деді Тілеухан Әбілдаев. Басқарма басшысының айтуынша, қалада қажетті дәрі дәрмек пен зарарсыздандыру құралдары жеткілікті.