Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Коронавирус: 2-3 айдың ішінде инфекция тоқтайды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа қатысты жағдайды дұрыс түсіну керегін айтты.

ҚазАқпараттың мәліметінше, Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында министр: «Жұқпалы ауру адамнан адамға жұғады. Біздің негізгі мақсатымыз – осы инфекцияны тоқтатып, оның таралуына жол бермеу. Әрине, жауапкершілік өте маңызды, жағдайды барлығымыз дұрыс түсінуіміз керек. Үнемі қорқып, тығылып үйде отыру деген дұрыс емес, бірақ сақтану шараларын ұстану керек. Гигиеналық талаптарды сақтау қажет», – деді.

Осы орайда Е.Біртанов инфекцияның таралуының алдын алу үшін БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді сұрады.

«Сіздерге өтінішім бар, бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін пайдаланып, азаматтарға түсіндіру шараларын жүргізу керек. Басқа мемлекеттерде де 2-3 айдың ішінде мәселе шешіледі, инфекция тоқтайды. Сондықтан жағдайды түсініп, гигиенаға мән берген дұрыс», – деді министр.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button