«Челси» ойыншысы коронавирустан айықты

«Челси» ойыншысы коронавирустан айықты

«Челси» ойыншысы коронавирустан айықты
ашық дереккөзі
Лондондық «Челси» клубының ойыншысы Каллум Хадсон-Одои коронавирустан айықты. Бұл туралы футболшы әлеуметтік желіде хабарлады.  Ол өзінің дерттен толық айыққанын және ойын алаңына оралуға дайын екенін айтты, деп жазады Life.ru. — Вирус жұқтыруыма байланысты бір апта бойы өзгелерден оқшауланып,  дәрігерлердің нұсқауы бойынша емделдім.  Қазір жағдайым жақсы. Жуырда көпшілікпен қауышып, футбол алаңына ораламын деген үміттемін, — деді футболшы. Айта кетейік, бұған дейін жаңа COVID-19 коронавирусы «Ювентус» футбол клубының ойыншысы Даниеле Руганиден табылғанын хабарлағанбыз. Футболшының  қауіпті індет жұқтыруына байланысты «Ювентустың» барлық ойыншылары карантинге жатқызылатыны белгілі болды. Олардың арасында әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду да бар.