Тұтынушылардың құқығын қорғау күшеймек – заңнамалық түзетулер
Тұтынушылардың құқығын қорғау күшеймек – заңнамалық түзетулер
Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, – деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.
Депутаттарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірінше жаңа заңнамалық түзетулер тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейтеді.