«Тұмар»: Бәйге жеңімпаздарын марапаттау шарасы көрерменсіз өтеді

«Тұмар»: Бәйге жеңімпаздарын марапаттау шарасы көрерменсіз өтеді

«Тұмар»: Бәйге жеңімпаздарын марапаттау шарасы көрерменсіз өтеді
ашық дереккөзі
13 наурызға жоспарланған «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты телевизиялық форматта көрерменсіз өтеді. Аталған шешім әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты алдын алу шарасын іске асыру мақсатында қабылданған. Бұл жайлы шара ұйымдастырушылары хабарлады.  Еске сала кетейік, бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы» баспасөз мәслихаты өткен болатын. ҚР вице-премьері Ералы Тоғжановтың айтуынша, инфекцияның келуін болдырмау мақсатында 13 наурыздан бастап бұқаралық шаралар мерекелік, спорттық, жаппай мәдени шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізуге тыйым салынады. Бәйгенің жеңімпаздары www.tvtumar.kz сайтында жарияланатын болады. Салтанатты марапаттау роәсімінің телевизиялық нұсқасы 15 наурызда «Хабар» телеарнасынан көрсетілмек.