Қазақстандық сержанттар алғаш рет АҚШ-та бақ сынады

Қазақстандық сержанттар алғаш рет АҚШ-та бақ сынады

Қазақстандық сержанттар алғаш рет АҚШ-та бақ сынады
ашық дереккөзі
Еліміздің Қарулы Күштерінің сержанттары Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы 2020 жылға арналған әскери байланыс жоспарына сәйкес сержанттар құрамының әскери қызметшілері арасында өтетін жыл сайынғы «Үздік жауынгер-2020» байқауына қатысты. Аризон штатындағы «Хуачук» әскери базасында ұйымдастырылған сайысқа еліміздің атынан 50-ге жуық әскери қызметші қатысты. Қазақстандық тарап бұл сайысқа алғаш рет шақырылды.  width= – Аталған сайыс сержанттар құрамының кәсібилігін арттыруға, Қазақстан және АҚШ ведомстволары арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әскери жарыс түрлерін ұйымдастыру және өткізу мәселелерінде шет елдік армиялардың тәжірибесін алуға ықпал етеді. Сонымен қатар, әлем елдері бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің сержанттық құрамының дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов. Сайысқа қатысушы әрбір үміткерге күш, шыдамдылық, қару-жарақпен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдылары, ұрыс алаңында бағдарлай білу, жауынгерлік жағдайда жеке құрамды басқару, биіктіктегі қорқынышты жеңу, тығыз қарым-қатынас орнату сынды талаптар қойылды.  width= Қазақстандық команда құрамында «үздік сержант» атағын алуға Бүкілармиялық сайыстың, сондай-ақ әскери халықаралық ойындар аясында өткізілетін «Әлем жауынгері» халықаралық конкурсының жүлдегелері қатысты. Олардың қатарында Бүкілармиялық сайыстың бірнеше дүркін жеңімпазы, көпсайыстан 1-разрядты иемденген рота сержанты аға сержант Нұрбол Дәулетов пен «Әлем жауынгері» халықаралық сайысының бірнеше дүркін жеңімпазы сержант Ертілек Бекболатов бар. (2018 жылы 1 орын, 2019 жылы 3-орын). Сондай-ақ қатысушылар арасында дене шынықтыру дайындығы бойынша тестілеу ерекше қызығушылық тудырды. АҚШ Қарулы Күштерінде сержанттық құрамға және жалпы әскери қызметшілерге дене шынықтыру дайындығы бойынша талаптар жауынгерлік іс- қимылдарды жүргізудің қазіргі заманауи іс-қимылдарға сүйене отырып ұсынылады.