Жаңалықтар

Коронавирус белгілері байқалған жағдайда қайда жүгіну керек?

ашық дереккөзі

Коронавирус белгілері байқалған жағдайда қайда жүгіну керек?

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала тұрғындарына коронавирус инфекциясының белгілері байқалған жағдайда қайда жүгіну керегін түсіндірді.  Әкім орынбасарының айтуынша, вирустың таралуына жол бермес үшін ауруханаға бармай, жедел жәрдем шақырған жөн.  «Маңызды бір кеңес - егер сізден коронавирус симптомдары байқалса, медициналық мекемеге бармағаныңыз абзал. Себебі вирус одан әрі таралуы мүмкін. Хабарлассаңыз инфекциялық боксқа тасымалдау мәселесі шешіледі»,– деді Е. Бабақұмаров. Ол үйінде карантинде жатудан бас тартқандар үшін жаза енгізілетінін ескертті.  «Біз мәслихаттан карантинде болуы тиіс, бірақ оқшауланудан бас тартқан адамдарға жаза қолдануды сұраймыз»,- деді Алматы әкімінің орынбасары.