Оралман емес, қандас болды
Оралман емес, қандас болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында шетелден келген этникалық қазақтарды қоғамға бейімдеп, жақын тарту үшін «қандастар» деп атау ұсынылған болатын. Президенттің «оралман» сөзін «қандас» деп атау туралы ұсынысы Мәжілістен қолдау тапты. Мәжіліс заң жобасын мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді.
Кеше Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстаның кейбір заңнамалық актілерге көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Аталған заң жобасы туралы баяндама жасаған депутат Кәрібай Мұсырман: «Сөйтіп, бір кездері ойдан шығарылып, жағымсыз атауға айналған «оралман» сөзінің орнына алдағы уақытта «қандас» атауы қолданылады», – дейді.