Моңғолияға 8 мың бетперде алып өтпек болғандар ұсталды
Моңғолияға 8 мың бетперде алып өтпек болғандар ұсталды
Павлодар облысындағы шекара бекеттерінде медициналық бетпердені көрші Ресей мен Моңғолияға алып өтудің 4 дерегі тіркелген.
«Шарбақты» шекаралық өткізу бекетінде Моңғолия елінің азаматтары 8 мың дана медициналық бетпердені шекара асырмақ болыпты. Бірақ қолдарында тауарды айғақтайтын рұқсат құжаттары болмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал жуырда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан аса ірі көлемдегі тауар алынды. Новосібір облысының Купино қаласына бара жатқан азамат «Қосақ» шекара бекеті арқылы 150 мың дана медициналық бұйымды өткізбек болған. Оның бетперделерді елордадағы сауда орындарының бірінен алғаны белгілі болды.
Естеріңізде болса, премьер-министрдің үкімімен елімізде аталған тауарды экспорттауға тыйым салынған болатын.