Мемлекеттік кірістің негізгі көрсеткіштері
Мемлекеттік кірістің негізгі көрсеткіштері
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мемлекеттік кірістер органдарының 2019 жылғы қызметінің қорытындысын мәлімдеді.
Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, 2019 жылы мемлекеттік бюджет жоспары 100,8 пайызға орындалып, өткен жылмен салыстырғанда
1 трлн 381 млрд теңге немесе 17,4 пайыз артық түсім түскен. Республикалық бюджет 100,3 пайыз және жергілікті бюджеттер 102 пайызға орындалды. Ал шикізаттық емес сектордан түсетін кіріс көлемі 10 пайызға артып, 6,4 трлн теңгені құра-ды.
Деректерге сенсек, шоғырландырылған бюджетке шикізаттық сектордан түсімдер – 7, шикізаттық емес сектордан түсімдер – 10 пайызға өсті. Сонымен қатар, қосымша резервтер 916 млрд теңгені құрады. Оның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру – 392 млрд теңге, цифрландыру бойынша шаралар 524 млрд теңге қосымша түсім алып келді.
«Негізгі көрсеткіштердің бірі – берешектер мен артық төлемдердің қысқаруы. Әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылданған шаралар соңғы 4 жылда артық төлемдердің ең үлкен көлеміне – 2,3 трлн теңгеден 2,1 трлн теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 157 млрд теңгеге немесе 2,1 трлн теңгеге дейін қысқарды. Қабылданған шаралардың есебінен салық берешегін 12 пайызға немесе 28,3 млрд теңгеге төмендету қамтамасыз етілді. Ол 2020 жылғы 1 қаңтарда 204 млрд теңгені құрады», – деді Марат Сұлтанғазиев.
Комитет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алудың ашықтығын арттыру мақсатында оған қатысушылардан қаржылық тұрақтылығын растау талап етіледі. Бұл бюджетке 58 салық төлеушінің 1 млрд теңгеден астам төлем жасауын қамтамасыз еткен.
Комитет төрағасы тау-кен өндірісін қоспағанда экономиканың барлық басқа секторларында салық түсімдерінің өсімі байқалатынын атап өтті. Аталған сектордағы түсімнің төмендеуі мұнайдың 10 пайызға, металдардың орта есеппен 13 пайызға төмендеуі себеп болған.
2019 жылдың маңызды жаңалықтарының бірі – азаматтарға салықтық төлемді жеңілдетуге және баламалы түрде төлеуге бағытталған «Салық әмияны» мобильді қосымшасының іске қосылуы. Салық әмияны тетігі жеке тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге бюджетке тиісті салықтар үшін төлемдерді автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Осы қосымшаны одан әрі дамыту аясында комитет азаматтарға өздерінің салық салу объектілері туралы анық емес сипаттағы ақпараттарды түзетуге мүмкіндік беруді жоспарлап отыр.