Жаңалықтар

Елімізде кинотеатрлар уақытша жабылады – вице-премьер

ашық дереккөзі

Елімізде кинотеатрлар уақытша жабылады – вице-премьер

Елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін сауда-ойын сауық орталықтарындағы кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.  «Сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істей береді. Мемлекет халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуі тиіс. Ал сауда-ойын сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жабылады. Бұл оңай шешім емес. Өздеріңіз білесіздер, фильмнің ұзақтығы бір сағаттан асады. Бір жерде көптеген адамның сағаттан астам уақыт отыруы белгілі бір сұрақтар туындатады. Сол себепті біз осындай шешім қабылдадық», – деді Е.Тоғжанов. Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма бергенін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, қауіпті індеттің алдын алу мақсатында 16 наурыздан бастап қазақстандық оқушылар уақытынан бұрын демалысқа шығады