Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар уақытынан бұрын демалысқа шығады

ашық дереккөзі

Қазақстандық оқушылар уақытынан бұрын демалысқа шығады

Қазақстанда мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа шығады. Бұл жөнінде вице-премьер Ералы Тоғжанов  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.  «2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16-сынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», - деді вице-премьер. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылатынын мәлімдеген.