ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды

ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды

ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды
ашық дереккөзі
Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды.  ҚазАқпараттың хабарлауынша, Жоғарғы сот судьясы лауазымына Нұрғазы Әбдіқанов, Марғұлан Бектұрғанов және Шолпан Даниярова сайланды. «Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар», - деді ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов. Айта кетейік, судья қызметіне сайланғаннан кейін, судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.