Иранда Наурыз мерекесі тойланбайды

Иранда Наурыз мерекесі тойланбайды

Иранда Наурыз мерекесі тойланбайды
ашық дереккөзі
Иранда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 958 жаңа дерегі тіркеліп, 63 адам көз жұмды. Елде індетке шалдыққандар жалпы саны 9 мыңнан асты. Олардың 354-і қайтыс болса, 3 мыңы емделіп шыққан.  Ел билігі вирустың тез таралуына тосқауыл қою үшін Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Президент тұрғындарды алдағы мереке күндері саяхаттан бас тартуға шақырды. Ал орталық банк вирустың тез таралуын тежеу үшін қағаз ақшаны қолданбауға кеңес берді. Бұған дейін Иранда білім беру мекемелерінде сабақтар тоқтатылғанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ мәдени және спорттық шаралар кейінге шегерілді. Жағдайдың ушығуына байланысты Бахрейн Иранда жүрген 165 азаматын эвакуациялайтын болды. Олардың 77-ісі коронавирус жұқтырып үлгерген. Айта кетейік, ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Женевада өткен брифингте  алдағы уақытта COVID-19-ті жұқтыру фактілері, өлім жағдайлары және зардап шеккен елдер саны бұдан да артуы мүмкін екенін айтты.  Бүгінде әлем бойынша жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 114 елде 118 мың адамнан асты. ДДСҰ мәліметі бойынша 4291 адам көз жұмды.