Бауыржан Байбек Жамбыл зиялыларымен пікірлесті

Сондай-ақ!

Қайырымдылықпен айналысушылардың 71 пайызы – қарапайым халық

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениеттің бір бөлігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Еріктілер жылына орай ұйымдастырылған бұл...

Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті. Олардың айтуынша, белгісіз біреу бірінші қабатта қабырғада ілініп тұрған...

Қостанай облысында дәрігер жетім балалардың азық-түлігін алып отырған

Қостанай облысында балалар үйінің бас дәрігеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды Арқалық қалалық соты. "2016-2019 жылдар аралығында балалар үйіне 30 жетім бала үшін азық-түлік жеткізіліп отырған,...

Жастарға жігер беретін жоба

Мемлекеттің басты капиталы – қазба байлықтары емес, ұшқыр ойлы, білімді азаматтары. Кез келген елдің болашағы қолынан іс келетін, қоғамды алға сүйрей алатын адамдарға тәуелді....

«Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек саяси ұйымның аймақтарды аралау жоспарының аясында Жамбыл облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірдің Жуалы ауданы мен Тараз қаласында болып, өңірдің кәсіпкер әйелдерімен, зиялы тұлғаларымен, этно-мәдени бірлестіктер өкілдерімен және білім саласының қызметкерлерімен кездесті.

 Зиялылармен болған кездесуді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, жүргізіп отырды. Бауыржан Байбек зиялы қауым өкілдерімен емен-жарқын сұхбат құрып, сапардың мақсаты, ел жайы, саясат барысы, идеологиялық жұмыстар бағдары, руханият пен мәдени ахуал, жастар тәрбиесі секілді келелі жәйттерге кеңінен тоқталды. Әсіресе, Елбасы бастамасымен партия тарапынан енгізіліп жатқан жаңалықтар – праймериз бен өңірлік даму бағдарламалары, партияның негізгі құндылықтары мен алдағы міндеттері туралы жан-жақты айтып берді.

«Өздеріңіз білесіздер, жылдың басынан бастап Елбасы тапсырмасымен өңірлерді аралай бастадық. Мұндағы мақсатымыз – жергілікті жерлерде болып, тұрғындармен, зиялылармен, ел ағаларымен кездесу, пікірлерін біліп, ұсыныстарын тыңдап, түйткілді мәселелерді бірлесе талқылау, шешу жолдарын қарастыру. Елбасы айтқандай, партияның үш мақсаты бар. Ол, біріншіден, халықтың пікірін білу, халықтың сөзін сөйлеу, оны билікке жеткізу. Екіншіден, билік тарапынан жасалып жатқан дүниелерді халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп айту. Үшіншіден, білім мен денсаулық саласының сапасына мән беру.

Біздің саяси ұстанымымыз – центризм. Ол – орта жолмен жүру, оңға,солға тартпау. Біздің негізгі құндылықтарымыз – адам, оның бостандығы, Тәуелсіздік, ынтымақшылдық, отбасы, дәстүр, руханият және заңның үстемдігі. Ең бастысы, біз қабылданған заңдарды орындауымыз керек.

Партия еліміздегі проблемаларды біліп қана қоймай, оларды шешу үшін қажетті қадамдар жасамақ. Олардың біріншісі – праймериз, яғни ішкі партиялық іріктеу өткізу арқылы қолынан іс келетін, білімді, елге сөзі өтімді, адал да абыройлы азаматтардың билікке, өкілетті органдарға келуіне ықпал ету болса, екіншісі – әрбір өңірдің ерекшеліктерін, нақты қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы даму бағдарламасын әзірлеу. Сондықтан қазір бес жылдық осындай бағдарламаларды талқылап жатырмыз», – деді Бауыржан Байбек.

Зиялы қауым өкілдері де өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ұсыныстары мен ойларын бүкпесіз ортаға салды. Жиынға қатысушылар тарапынан алғаш болып сөз алған Масат Берік елдің тәуелсіздік алғанына 30 жылға жуық уақыт болса да мемлекеттік тілдің өз деңгейінде пайдаланылмай келе жатқанына алаңдаушылығын білдіріп, Тіл туралы заң мен тілді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуына баса мән беруді, партия тарапынан бақылауды қолға алуды ұсынды. Ал ардагер ұстаз Бәтес Егембердиева жуырда қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заң жайында әңгіме өрбітіп, білім саласын дамыту туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ «Жамбыл облыстық М.Қашғари атындағы ұйғыр этно-мәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мухаббат Тұрдиева патриотизмді насихаттау, барша ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі, ел халқының тұрақтылығы мен бірлігін нығайту, этносаралық қатынастарды үйлестіру жайын қозғаса, Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы директорының орынбасары Ахметжан Өзбеков қазақтың төл өнері – айтысқа тоқталып, партия қолдауымен өткізіліп жатқан айтыстарды телеарналардан көрсету, айтыскерлерге  партия тарапынан жүйелі түрде кеңестер беріліп отырса деген ұсынысын жеткізді.

Сонымен бірге бас қосуда таяуда орын алған Қордай оқиғасы да сөз болып, енді осындай келеңсіздіктерді болдырмаудың алдын алу шаралары пысықталды.

Партия төрағасының Бірінші орынбасары жұртшылық көтеріп отырған мәселелердің барлығы әзірленіп жатқан өңірді дамытудың 5 жылдық бағдарламасына енетінін, ал осы сапар барысында Қордайға  арнайы барып, жергілікті жағдаймен танысатынын жеткізді. Оның айтуынша, халықтың ауызбіршілігі мен қоғамдық келісім ғана – еліміздің өсіп-өркендеуі мен табысты дамуының берік негізі.

Сапар аясында партияның кезектен тыс конференциясы өтіп, оның қорытындысы бойынша облысқа жуырда әкім болып тағайындалған Бердібек Сапарбаев «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

Еске сала кетейік, таяуда, яғни 5 наурызда Елбасының төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысында 30 наурыздан 16 мамырға дейін елімізде ашық ішкі партиялық іріктеу – праймериз өткізу туралы шешім қабылданды.

 

 

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

4 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан...

Қайырымдылықпен айналысушылардың 71 пайызы – қарапайым халық

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер –...

Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан...
балалар үйі

Қостанай облысында дәрігер жетім балалардың азық-түлігін алып отырған

Қостанай облысында балалар үйінің бас дәрігеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды Арқалық қалалық...

Жастарға жігер беретін жоба

Мемлекеттің басты капиталы – қазба байлықтары емес, ұшқыр ойлы, білімді азаматтары. Кез...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...