Өткен жылы Қазақстаннан 45 мыңнан астам адам көшіп кеткен

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында еліміздің ішкі көші-қон көрсеткіші 1,1 миллион адамға жетті. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 25,6 пайызға көп, деп хабарлайды Ranking.kz.

Мамандардың дерегінше, Қазақстанға 1,7 мың бала, 9,5 жасөспірім және 1,1 мың жұмысқа қабілетті және зейнеткер көшіп келген.

Ал 11,7 мың бала мен жасөспірім, 31,5 мың жұмысқа қабілетті адам мен 2,1 мың зейнеткер елден көшіп кеткен.

Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, елге 7 мың қазақ, 2, 65 мың орыс және 301 қарақалпақ ұлтының өкілдері келген. 32,8 мың орыс, 3,2 мың неміс және 3 мың украиналық елден қоныс аударғаны белгілі болды. 

Back to top button