Бауыржан Байбек Жамбыл жұртшылығымен кездесті
Бауыржан Байбек Жамбыл жұртшылығымен кездесті
«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өңірлерге сапары жалғасын табуда. Бүгін ол Жамбыл облысының бірқатар елді мекендерін аралап, Жуалы ауданы мен Тараз қаласына барды.
⠀
"Елбасының тапсырмасы бойынша, «Nur Otan» алдағы 5 жылға әрбір облыс, аудан және елді мекенді дамытуға арналған ұсыныстар әзірлеп жатыр. 216 аймақтық бағдарламада жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, проблемалар мен қажеттіліктер ғана емес, сонымен бірге, оларды шешудің нақты жолдары да көрсетіледі. Сондықтан сапарымның алғашқы күні азаматтық қоғам өкілдерімен, атап айтқанда, зиялы қауым, жастар, кәсіпкерлер және білім беру қызметкерлерімен кездестім", - деп жазды Б.Байбек Facebook желісіндегі парақшасына.
⠀
Сондай-ақ, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б. Момышұлы ауылында кәсіпкер әйелдермен бірге ауылда микробизнесті дамыту мәселелерін талқылады.
"Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында өз кәсібін ашқандардың арасында көпбалалы аналар да баршылық. Бүгінде олар өз отбасыларын қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, салық төлеп, сондай-ақ, қоғамдық өмірге де белсене атсалысуда. Дәл осындай белсенді азаматтық ұстанымы бар әйелдер әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіруі және алдағы партияішілік праймеризге қатысуы тиіс деп санаймын", - дейді Бауыржан Байбек.