Lufthansa Қазақстанға ұшуды тоқтатты
Lufthansa Қазақстанға ұшуды тоқтатты
Lufthansa әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатты. Компания ұшақтары 2020 жылдың 11 наурызы мен 24 сәуірі аралығында елімізге ұшпайтын болды. бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
«Бүгінгі күнге дейін әуе компаниясы Франкфурт-Алматы-Франкфурт (аптасына 4 рет) және Франкфурт-Алматы-Нұр-Сұлтан (аптасына 3 рет) бағыттары бойынша тұрақты рейстерді орындады. Алдын ала ақпарат бойынша, әуе тасымалдаушы осы бағыттар бойынша ұшуларды 2020 жылдың 25 сәуірінен бастап жаңартуды көздеп отыр»,- делінген хабарламада.
Әуе компанияның ақпараты бойынша, аталған кезеңде авиабилеттері бар жолаушылар билеттерді толық көлемде қайтара алады.
«2020 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі« АҚ базасында коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауға бағытталған ахуалдық орталық жоспарлы түрде жұмыс істей бастады. Орталықта Қазақстанға тұрақты және тұрақты емес әуе қатынастары бар елдерде инфекция жұқтырған адамдардың статистикасына бақылау жүргізіледі», делінген хабарламада.