Жаңалықтар

Қазақстан азаматтары енді Тайландқа жеңілдетілген тәртіппен кіре алмайды

ашық дереккөзі

Қазақстан азаматтары енді Тайландқа жеңілдетілген тәртіппен кіре алмайды

Тайланд билігі 18 мемлекеттің азаматтары үшін елге кіру тәртібін өзгертті.  Бұған дейін 18 елдің азаматтары Тайландқа келгеннен кейін виза рәсімдей алатын. Коронавирус індетінің өршуіне байланысты  қазір бұл тәртіпке тыйым салынып отыр. Жаңа ереже Қазақстан азаматтарына да қатысты.  Сондай-ақ, Тайланд билігі Оңтүстік Корея және Италия азаматтары мен Гонконг тұрғындары үшін визасыз тәртіпті алып тастады. Бүгінде Тайландта  60-қа жуық адам коронавирус жұқтырған. Бір науқас көз жұмып, 34-і емделіп шыққан.  Айта кетейік, бұған дейін Түркияда коронавирустың жаңа түрін (Covid-19) жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгенін хабарлағанбыз. Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәліметінше, вирус жұқтырған ер адам жақында ғана Еуропадан саяхаттан оралған.