«Токио-2020 жазғы ойындары өтпейді деп ойлаймын» – Олимпиада комитеті

Токио-2020 атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахашидің айтуынша, Токиода Жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты тоқтатылған жағдайда бір немесе екі жылдан кейін өтеді.

The Wall Street Journal-ға сілтеме жасаған Қазақпарат мәліметінше, Олимпиаданы көрерменсіз өткізу немесе толығымен тоқтату көп мөлшерде қаржылық шығын әкелуі мүмкін.

«Токио-2020 жазғы ойындары өтпейді деп ойламаймын», – деп мәлімдеді Такахаши.

Еске сала кетейік, Токиода Жазғы Олимпиада ойындарын шілденің 24-інен 9 тамыз аралығында өткізу жоспарланып отыр. Ал Паралимпиада ойындары 25 тамыздан 6 қыркүйекке дейін болады.

Back to top button