Асхат Дауылбаев Конституциялық Кеңес мүшесі болып қайта сайланды

11 наурыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Асхат Дауылбаев Конституциялық Кеңес мүшесі болып қайта сайланды Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Асхат Дауылбаевты ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулы қабылдады, – деп жазды ҚазАқпарат. Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы ҚР Конституциялық Кеңес мүшесін қызметке тағайындайды. «Конституцияға сәйкес, Асхат Дауылбаевты Конституциялық Кеңес мүшесі қызметіне тағайындаған болатынбыз. Бүгін оның өкілеттік мерзімі аяқталды. Осыған байланысты Ата Заңға сәйкес, А.Дауылбаевтың кандидатурасын қайта тағайындау үшін ұсынып отырмын», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.