Си Цзиньпин Уханьға ұшып барды
Си Цзиньпин Уханьға ұшып барды
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жергілікті биліктің қатерлі індетпен куресу жұмыстарын тексеру мақсатында коронавирус ошағы – Ухань қаласына ұшып барды.
РИА Новостидің хабарлауынша, Қытай басшысы Уханьға бүгін таңертең барған. ҚХР төрағасы бұл қалаға сапары барысында COVID-19 инфекциясымен күрес қалай жүріп жатқанын біліп, аурудың алдын алу шараларымен таныспақ. Оның ауруханада жұмыс жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген адамдармен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ Қытай басшысы жергілікті тұрғындармен және науқастармен кездеспекші.Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының Қазақстанға кіру ықтималдығына қатысты ғалымдар болжамымен бөлісткен.
Оның айтуынша, наурыз айының 11-16 аралығында Қазақстанда коронавирус тіркелуі мүмкін.