Көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылады
Көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылады
Елімізде көлік құралдары салығын төлеу мерзімін өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді.
«Халыққа қолайлы ету мақсатында көлік құралдары салығын төлеу мерзімін ауыстыру қарастырылып отыр. Қазір салық жыл соңына дейін төленеді. Енді келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу ұсынылады», - деді Мәжілісте салық салу мәселелері бойынша заң жобасын таныстырған М.Тәкиев.
Вице-министрдің айтуынша, азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін шегеру қарастырылмаған. Осы орайда шегерімді қолдану және қосарланған салық салуды жою тәртібін нақтылау қажет.
Бүгінде науқастарды демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен емдеуге жатқызу кезінде науқастарды алып жүретін адамның жол жүру және қоныстануы да осы қаражат есебінен төленеді. Осыған байланысты вице-министр науқастарды да, науқастарды алып жүретін адамды да жеке табыс салығынан босатуды ұсынды.