Қырғызстанда өмір бойына түрмеге қамалған 200 адам аштық жариялады

Қырғызстанда өмір бойына түрмеге қамалған 200 адам аштық жариялады

Қырғызстанда өмір бойына түрмеге қамалған 200 адам аштық жариялады
ашық дереккөзі

Қырғызстанда өмірлік түрме жазасын алған 200 адам аштық жариялағаны туралы ашық хат жариялады. Бұл туралы Жазаны атқару мемлекеттік қызметіне сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  Республикадағы №1, 16, 19, 25 түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер 9 наурызда аштық жариялады. Олар жаңа кодекстің бұған дейін шығарылған сот үкімдерін қайта қарау туралы ережесінің орындалуын талап етті. Мемлекеттік қызметтің хабарлауынша, 2019 жылы мекеме басшылары өмірлік түрме жазасына кесілгендердің өтінішін сотқа өткізген, бірақ сот олардың барлығын қанағаттандырмады. Қазір жазаны атқару қызметі түзеу мекемелерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аштық жариялағандарға дәрігер шақыртылған. Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстандағы түзеу мекемелерінде өмірлік түрме жазасына кесілген 347 адам отыр.