Ресей коронавирусты анықтайтын тест-жүйелерді 10 мемлекетке берді

Ресей коронавирусты анықтайтын тест-жүйелерді 10 мемлекетке берді

Ресей коронавирусты анықтайтын тест-жүйелерді 10 мемлекетке берді
ашық дереккөзі
Коронавирус диагностикасына арналған ресейлік тест-жүйелері 10 мемлекетке жеткізілді. Бұл туралы Роспотребнадзордың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады РИА Новости.  Ресейлік тест-жүйелерінің көмегімен Армения және Белоруссия аумағындағы коронавирус жұқтыру деректері анықталған. Бүгін Роспотребнадзор басшысы Анна Попова коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Моңғолия басшысымен кездескен. Келіссөз нәтижесі бойынша ресейлік тест-жүйелері Моңғолияға да берілген. Айта кетейік, бұған дейін коронавирустың жаңа белгілері пайда болғанын хабарлағанбыз. Вирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде.  Сингапурлық дәрігерлер екі мәрте жаңылып, коронавирус жұқтырған науқастарды денге қызбасынан емдеген. Алайда ем-дом көмектеспегеннен кейін ғана коронавирусқа сынама алынып, ауру расталды.