Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды
ашық дереккөзі
Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады. Онда коронавирус жұқтырған науқас ауруханаға жоғары дене қызуы және бөртпе секілді денге қызбасының белгілерімен түсуі мүмкін екені айтылған, деп жазады The Straits Times. Бұл CoViD-19 инфекциясының диагностикасын жүргізуді қиындатып отыр. Диагноздың дұрыс қойылмауы науқастың өзіне ғана емес, қоршаған орта үшін де аса қауіпті. Сингапурлық дәрігерлер екі мәрте жаңылып, науқастарды денге қызбасынан емдеген. Алайда ем-дом көмектеспегеннен кейін ғана коронавирусқа сынама алынып, ауру расталды. Жыл басынан бері Сингапурда денге қызбасымен сырқаттанудың 3,6 мыңнан астам дерегі тіркелді. Ал Индонезияда биылғы жылдың алғашқы екі айында бұл дертпен 14,7 мың адам ауырып, 94 науқас көз жұмды.