Мұнай өндірушілер неге келісе алмады? – Ұлттық банк

Мұнай өндірушілер неге келісе алмады? – Ұлттық банк

Мұнай өндірушілер неге келісе алмады? – Ұлттық банк
ашық дереккөзі
ОПЕК+ қатысушылары мұнай өндіруді қысқарту мәмілесі талаптарына келісе алмады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, – деп жазды ҚазАқпарат.   «Биыл ақпан айында инфляция 0,6 пайыз болды. Жылдық мәнде 6 пайызға дейін өсті. Негізгі үрдіс азық-түлік тауарлары бағасының өсуінен 8,6 пайызға дейін баяулады. Инфляцияның жылдамдам өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің 5,4 пайызға және тиісінше 3,2 пайызға дейін қымбаттауына алып келді. Биыл ақпанда шетел валютасының әкелінуі, экспорттаушылардың валюталық түсімді сатуы мен түсімге кепілдік берілген трансферттер үшін ұлттық қордың валюталық активтерін конвертациялау аясында нығая түсті», – деді ол. Оның айтуынша, осы жылдың 24 ақпанында коронавирустың тарауы әлемдік экономикаға әсер етіп, жағдай күрт өзгерді.