Жаңалықтар

Жалақы уақытында беріледі – министр

ашық дереккөзі

Жалақы уақытында беріледі – министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыс орындарының сақталуы мен жалақының уақтылы төленуін бақылайтын мониторинг жұмысының күшейтілетінін мәлім етті, – деп жазды ҚазАқпарат. «Сыртқы нарықта қалыптасып жатқан жағдай және ішкі экономикаға түсіп жатқан салмаққа қарамастан, Үкімет тарапынан халықтың алдында алған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалады. Біздің елімізде 4 миллионнан астам зейнеткер, әртүрлі жәрдемақы алатын азаматттар бар. Оларға тиесілі қаражат – 3 трлн 400 млрд теңге көлемінде қарастырылған», – деді Біржан Нұрымбетов.