Әлемдік мұнай бағасы 6 пайызға өсті

Әлемдік мұнай бағасы 6 пайызға өсті

Әлемдік мұнай бағасы 6 пайызға өсті
ашық дереккөзі
10 наурыз күні мұнай бағасы 6 пайыздан астам өскен, – деп жазды Reuters. ҚазАқпараттың мәліметінше, тақтатасты мұнай өндіретін америкалық компаниялар ОПЕК-тің жаһандық нарыққа өнімдерін жеткізу себебімен болашақ өндірісін қысқарта алады. Brent маркалы мұнай бағасы 2,31 долларға (6,7 пайыз) қымбаттап , баррелі 36,67 доллар болды. Сондай-ақ WTI маркілі мұнай бағасы АҚШ-та 1,79 (5,8 пайыз) долларға қымбаттап, баррелі 32,92 доллар болды. Еске сала кетейік, кеше бұл екі көрсеткіш ең төмен деңгейге түсіп, 1991 жылдың 17 қаңтарынан бергі пайыздың ең үлкен біркүндік төмендеуі тіркелді. Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағалары 25 пайыздық «құлдыраудың» орнын толтыра алмайды, себебі коронавирустың өршуі сұранысты төмендетіп отыр. Энергия тасымалдаушылардың бағалары да күрт төмендеген. Exxon акцияларының бағасы шамамен 12 пайызға дейін төмендеді. Chevron акциялары 15 пайыздан асты.