Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Валюта айырбастауға мораторий жарияланғаны рас па – Ұлттық банк түсініктеме берді

Ұлттық банк әлеуметтік желілерде айырбастау пунктеріне қатысты тарап жатқан ақпараттың жалған екенін хабарлады. 

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылып жатқан 2020 жылдың 10 -13 наурызында айырбастау пунктеріндегі шетелдік валюта операцияларына мораторий жарияланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, желілер арқылы таратылып жатқан құжатта Ұлттық банк төрағасының қолы мен банк мөрі, нөмері жоқ. Ұлттық банктің ресми бланкісінің үлгісі басқа.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button