Швейцарияда коронавирустан екінші адам көз жұмды

Швейцарияда коронавирустан екінші адам көз жұмды

Швейцарияда коронавирустан екінші адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Швейцарияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 374-ке жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады РИА Новости.  Ел билігі COVID-19 инфекциясынан екінші адам көз жұмғанын растады. Ауру құрбаны – 76 жастағы ер адам. Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны саны 512-ге жеткенін хабарлағанбыз. Елде індеттен  21 адам көз жұмған. Ал әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар қатары 105 мың адамға жетіп жығылды.