Қырғызстандық имамдар коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды

Қырғызстандық имамдар коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды

Қырғызстандық имамдар коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды
ашық дереккөзі

Бішкек қаласындағы Имам Сарахси мешітінің мүфтилері коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасы хабарлады, деп жазады centralasian.org. 

"Мүфти мұндай ғұрыпты аурудан тазару үшін де өткізгенін айтты. Ол дұға оқып, халыққа денсаулық пен бірлік, мемлекетке бейбітшілік тіледі" делінген Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының хабарламасында. Мешітте екі сиыр құрбан етіліп, оның еті кедейлерге таратылды. Құрбандық шалу рәсіміне мүфти, ақсақалдар мен жергілікті тұрғындар қатысты. Басқарманың хабарлауынша, мұндай ғұрып елдің басқа да өңірлерінде жасалады. Бұл уақытта Душанбеде 4 наурыздан бастап намаз оқитын орындар карантинге жабылды. Мұндай шешімге коронавирус эпидемиясы себеп болды. Ал 27 ақпаннан бастап Мекке мен Мәдина қалаларына қажылыққа бару уақытша тоқтады. Әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны өсіп, дүйсенбі күні 109 045 адамға жетті. Бұл туралы South China Morning Post газеті хабарлады.