Жаңалықтар

АҚШ-та коронавирустан 21 адам көз жұмды

ашық дереккөзі

АҚШ-та коронавирустан 21 адам көз жұмды

АҚШ-та коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны саны 512-ге жетті. Елде індеттен  21 адам көз жұмған.  Коронавирустан қаза тапқан америкалықтардың көбі Вашингтон штатының тұрғындары. Бұл аймақта аурудан 18 адам қайтыс болса, Флоридада 2 адам, Калифорнияда бір адам көз жұмды. Бүгінгі күнге дейін індет елдің 33 штатына таралып, оның сегізінде төтенше жағдай енгізілген. Ал әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар қатары 105 мың адамға жетіп жығылды. Бір қуантарлығы, кеше Қытайда қаңтар айынан бергі есеп бойынша  вирус жұқтырушылар саны жөнінде ең аз дерек тіркелді. Сенбіде короновирус 40 адамға жұққаны белгілі болды, бұл жұмадағы деректен екі есе төмен. Сондай-ақ 27 адам көз жұмғаны хабарланды.