Жаңалықтар

Қытайда қонақүй қирандысы астында қалған 22 адам табылмай жатыр

ашық дереккөзі

Қытайда қонақүй қирандысы астында қалған 22 адам табылмай жатыр

Қытай құтқарушылары Фуцзянь провинциясында опырылып түскен қонақүй орнында құтқару жұмыстарын жалғастыруда.  Үйінді астында 22 адам қалған, деп хабарлайды ТАСС. Үйінділерді аршып, зардап шеккендерді құтқару жұмыстарына мыңнан астам өрт сөндірушілер, полицейлер, әскерилер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылған. Еске сала кетсек, бұған дейін Цюаньчжоу қаласының Личэн ауданындағы Синьцзя қонақүйінің қирағаны жөнінде хабарлағанбыз.  Ғимарат 2013 жылы салынған. 2018 жылы ғимарат 66 бөлмесі бар қонақ үй болып қайта жасалған. BBC агенттігінің хабарлауынша, қонақүй коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдарды ұстап отыру үшін пайдаланылған. Ғимаратта болған 71 адамның 58-і карантинде болған. Алайда олардан коронавирус анықталмаған.