Жаңалықтар

Коронавирустан айыққандар өмір бойы осы аурудың зардабын тартады – Қытай ғалымдары

ашық дереккөзі

Коронавирустан айыққандар өмір бойы осы аурудың зардабын тартады – Қытай ғалымдары

Коронавирустан емделіп шыққан адамдар өмір бойы осы аурудың зардабын тартуы мүмкін. Қытайдың Ухань қаласындағы университет ғалымдары осындай мәлімдеме жасады, деп жазады "Аргументы недели" басылымы.  Ғалымдардың айтуынша, коронавирустық инфекция адамның өкпе тіні мен иммунды жүйесін зақымдайды. Яғни, коронавирустан емделген адамның денсаулығы болашақта да сыр беруі мүмкін деген сөз. Чжуннань ауруханасының қызметкері Пэн Чжиюн аурудан айыққан пациент өмір бойы демікпеден зардап шегетінін түсіндірді. "COVID-19 вирусының организмге әсері ОРВИ мен СПИД-тің комбинациясына ұқсайды. Өйткені ол өкпеге де, иммунды жүйеге де зақым келтіреді", - деп атап өтті дәрігер. Ақ халаттының айтуынша, аурудың ерте сатысында, ең алдымен, өкпені қорғау керек. Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны шамамен 105 мыңға жетті. Індет құрбандарының саны шамамен 3600 адам. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегі осындай.