Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 105 мыңға жетті

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны шамамен 105 мыңға жетті. Індет құрбандарының саны шамамен 3600 адам. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегі осындай.

Бір қуантарлығы, кеше Қытайда қаңтар айынан бергі есеп бойынша  вирус жұқтырушылар саны жөнінде ең аз дерек тіркелді. Сенбіде короновирус 40 адамға жұққаны белгілі болды, бұл жұмадағы деректен екі есе төмен. Сондай-ақ 27 адам көз жұмғаны хабарланды.

Ал жексенбіде әлем бойынша қауіпті індетке шалдыққандар саны 7 375-тен асты.

Бұған дейін Италияның инфекция өршіген солтүстік аймағы карантинге жабылғанын хабарлағанбыз. Онда 16 млн адам тұрады. 

Сондай-ақ, Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар қатары 273 адамға жеткені жайлы жаздық. 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button