Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 273 адамға жетті

Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 273 адамға жетті

Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 273 адамға жетті
ашық дереккөзі
Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар қатары 273 адамға жетті. Соңғы тәулікте 67 адамның сынамасынан вирус анықталған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады РИА Новости. Басқарма мәліметіне сүйенсек, бұған дейін індет жұқтырған екі адам көз жұмған.   Бүгінде індет ошағы – Қытайда коронавирус індетіне шалдыққандар саны 80,6 мың адамнан асып отыр. Елде 3097 адам көз жұмса, 57 мыңнан астам адам дертінен айыққан. ДСҰ мәліметінше, Қытайдан өзге мемлекеттерде коронавирус құрбандарының саны 413 адамға жетті. Еске сала кетейік, коронавирус инфекциясы өршіп тұрған Италияның солтүстік аймағы карантинге жабылғанын бұған дейін хабарлағанбыз.  Оқшауланған өңірде 16 млн адам тұрады. Бұл аймаққа кіріп-шығу жолдары жабылды. Бұл шаралар Ломбардияның бүкіл әкімшілік аймағына, сондай-ақ елдің басқа аудандарындағы 14 провинцияға да қатысты. Соңғы дерек бойынша Италияда коронавирус жұқтырудың 5 900-ге жуық дерегі тіркелді. 230 адам көз жұмды.