Жаңалықтар

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Елдің үш өңірінде ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Елдің үш өңірінде ескерту жарияланды

Елімізде бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады. 9 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Сол күні Қызылорда қаласында наурыз шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. 9 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Сол күні Петропавл қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 9 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.