БҚО-да пойыз аударылды

БҚО-да пойыз аударылды

БҚО-да пойыз аударылды
ашық дереккөзі
Кеше Батыс Қазақстан облысының Сайқын кентінде Саратовтан Астраханға бет алған жүк пойызының бес вагоны жолдан шығып кетті. Пойыз вагондарына астық тиелген. Төтенше жағдай түнгі он бірлер шамасында болды, деп хабарлайды "Мой город".   "Болжам бойынша апатқа дөңгелектегі жарықшақ себеп болуы мүмкін. Бес вагон (№14, 15, 16, 17, 18) рельстен шығып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апатқа байланысты жолаушылар мен жүк пойыздары басқа жолмен жүреді", - деп мәлімдеді БҚО төтенше жағдайлар департаментінен. Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдайды жоюға "Ресей темір жолы" ААҚ-ның 16 жұмысшысы мен БҚО ТЖД-ның төрт қызметкері жұмылдырылған. "Қазір арнайы қызметтер жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр", - деп мәлімдеді Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов. Оның айтуынша, пойыздың аударылуына вагондардағы ақау себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себебін құзырлы органдар анықтайды, төтенше жағдай бойынша тексеріс басталды.