Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Серікбай қажы Ораз Алматыдағы республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады. 

«Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалсын», – делінген Бас мүфти бұйрығында.

Айта кетсек, Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 2017-2020 жылдары төрағалық етті.

Осы жылдың 7 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы қызметінен өз еркімен кететінін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, құрылтайда Серікбай қажы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынған болатын.

Құрылтайға жиналған 300 делегат бірауыздан дауыс беріп, Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти болып сайланды. 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button