Жаңалықтар

Коронавирус: көне Вифлеем қаласы жабылды

ашық дереккөзі

Коронавирус: көне Вифлеем қаласы жабылды

Коронавирус індетінің өршуі салдарынан Палестина билігі көне Вифлеем шаһарын жабу туралы шешім қабылдады.  Тарихи қала белгісіз мерзімге жабылып, туристердің шаһарға кіруіне тыйым салынды. Бұған қоса, қазір ел аумағындағы барлық қонақ үйде брондау тоқтатылған. Ережеге бағынбағандар жазаланатын болады. Бүгінде Вифлеемдегі қонақ үйлердің бірінде АҚШ-тың 15 азаматы карантинде жатыр. Еске салсақ, бұған дейін елімізде коронавирусқа байланысты қолайсыз елдер тізімі өзгергенін хабарлағанбыз. «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулыға енгізілген өзгерістерге сай, әр санат жаңа мемлекеттермен толықты.