Коронавирус бойынша қолайсыз елдер тізімі өзгерді

Коронавирус бойынша қолайсыз елдер тізімі өзгерді

Коронавирус бойынша қолайсыз елдер тізімі өзгерді
ашық дереккөзі
«Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулыға өзгерістер енді.  Қаулы мәтініне сәйкес, COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер тізімі өзгертілген. Мәселен, 1 а) санатты елдер тізіміне, ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея елдері кірсе, ал Италия 1 б) санатына енгізілген. 2-санатқа Германия, Испания кірген. 3-санаттағы елдерді Жапония, Тайланд, БАӘ, Франция, Швеция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, ҚХР Гонконг АӘА толықтырды. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде коронавирус жұқтырудың 4 жаңа дерегі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз. Коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың үшеуі Липецкіде, ал біреуі Санкт-Петербург ауруханасында. Науқастардың барлығы Италиядан сапарлап келгендер.