Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Соңғы екі күнде Ресейде коронавирус жұқтырудың 4 дерегі тіркелді

Cоңғы екі тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырудың 4 жағдайы анықталды, деп хабарлайды ТАСС. 

Коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың үшеуі Липецкіде, ал біреуі Санкт-Петербург ауруханасында. Науқастардың барлығы Италиядан сапарлап келгендер.

Агенттіктің хабарлауынша, вирус жұқтырғандар инфекциялық бокстарда жатыр. Сонымен қатар, олармен жақын қарым-қатынаста болғандың да сынамасы тексерілуде. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа коронавирус індетінің клиникалық жұқтыру белгілері өзгергені жайлы хабарлаған болатынбыз. 

Бұл туралы Social Science Research Network (SSRN) порталы жазды. Ғалымдар науқастарды екі топқа бөлді.  16-22 қаңтар аралығында ауруханаға түскен науқастардың көпшілігінде жоғары температура, әлсіздік, бұлшық еттердің ауыруы, қақырықтың бөлінуі және лимфоциттердің төмен деңгейі сияқты симптомдар тіркелген.

Ал одан кейінгі уақыттарда вирус жұқтырған науқастарда бұл симптомдардың барлығы әлсіз немесе мүлдем болмаған. Бұл ретте жөтел, жүрек айнуы, диарея және кеуденің ауырлығы барлық емделушілерде болды.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button