Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

7 наурыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Демалыс күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады Қазгидромет. 7-8 наурызда тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18-23, таулы аудандарда 27 м/с. Ал екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады. 8-9 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с деңгейінде күтіледі. 8 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. 8 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с деңгейінде болады. Сол күні Петропавл қаласында түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 25 м/с жетеді. 8 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с. Мереке күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал. 8 наурызда Маңғыстау облысында кейбір жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. 8 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с деңгейінде болуы ықтимал. Қызылорда қаласында шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с шамасында болады.