Іріктеу турнирі: қазақстандық үш боксшы лицензиясыз қалды

Іріктеу турнирі: қазақстандық үш боксшы лицензиясыз қалды

Іріктеу турнирі: қазақстандық үш боксшы лицензиясыз қалды
ашық дереккөзі
Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бесінші қызымыз шаршы алаңға шығып, қарсыласынан ұтылып қалды. ҚазАқпараттың мәліметінше, әйелдер боксынан 51 келі салмақта сынға түскен Ангелина Лукас алғашқы жекпе-жегінде қарсыласынан ұтылып, Олимпиада жолдамасынан тыс қалды. Бұл Ерік Алғабек жаттықтыратын қыздар командасынан Олимпиадалық салмақта іріктеу турнирінде жолдамадан қағылған үшінші боксшы. Іріктеу турниріне жалпы бес салмақтан 5 боксшы барған болатын. Соның екеуі кеше алғашқы айқастарын жеңіспен бастап, жолдамаға таласты жалғастыру мүмкіндігіне ие болған еді. Олар – 69 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Валентина Хальзова мен 75 келіде ел намысын қорғап жатқан боксшы Надежда Рябец. Естеріңізге сала кетсек, лицензия үшін таласты бірінші болып бастаған Дәметкен Келімбет (57 келі) қытайлық Инь Юнхуаға жол берсе, Римма Волосенко (60 келі) үндістандық Симранджиткаур Бааттан жеңілді.