Ғалымдар коронавирус симптомдарының өзгергенін айтты

Ғалымдар коронавирус симптомдарының өзгергенін айтты

Ғалымдар коронавирус симптомдарының өзгергенін айтты
ашық дереккөзі

Қытай ғалымдары жаңа коронавирус індетінің басынан бергі клиникалық жұқтыру симптомының өзгергенін байқады. Бұл туралы Social Science Research Network (SSRN) порталы жазды. Ғалымдар науқастарды екі топқа бөлді. Алғашқысына 16-22 қаңтар аралығында коронавирусты жұқтырған 31 адам түсті. Екінші топқа 23-29 қаңтар аралығында ауруханаға жатқызылған 58 науқас жатқызылды. Бірінші топтың көпшілігінде жоғары температура, әлсіздік, бұлшық еттердің ауыруы, қақырықтың бөлінуі және лимфоциттердің төмен деңгейі сияқты симптомдар тіркелген. Екінші топта бұл симптомдардың барлығы әлсіз немесе жоқ болды. Бұл ретте жөтел, жүрек айнуы, диарея және кеуденің ауырлығы барлық емделушілерде болды. «Осы зерттеудің бақылаулары жақында жұқтырған пациенттердің бастапқы симптомдары жасырылған, сондай-ақ коронавирустың жаңа түрі тұмауға ұқсас вирусқа біртіндеп түрленуі мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ғалымдар. Олар бұл вирус ағзада өте ұзақ уақыт бойы өзін көрсетпеуі мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар, вирус мутацияға ұшырап және оның түрлі формалары әртүрлі әсер береді. Наурыз айының басында ҚХР ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 72 314 жұқтыру оқиғасына шолу жариялады. Соған сәйкес балалар мен жасөспірімдер сирек ауыратыны анықталған. 0-ден 19 жасқа дейінгі жастар жұқтырғандардың жалпы санының 1 пайызын ғана құрап отыр. COVID-19 ауруын тудыратын SARS-CoV-2 вирусы желтоқсан айының соңында Қытайда тарала бастады. 6 наурызға қарай бүкіл әлемде 100 мыңнан астам адам жұқтырып, 3,5 мың адам қайтыс болды.