Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

24 миллион теңге жымқырған мектеп есепшісіне сот үкімі шықты

Атырауда бюджеттің 24,2 млн теңгесін өз пайдасына жаратқан мектеп есепшісіне қатысты сот үкімі шықты, – деп жазды ҚазАқпарат.

Жылыой ауданындық сотында Жаңақаратон кентіндегі орта мектептің есепшісіне қатысты іс қаралып, сотталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Ол бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды. Сотталушы 2017 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың қыркүйегіне дейін өзіне жоғары жалақы есептеп, банк карточкасына қосымша төлем аударып отырған. Заңсыз алынған қаржының жалпы сомасы 24 млн 247 мың теңгені құрады. Сот жазаны жеңілдету жағдайын ескеріп, сотталушыны 5 жылға бас бостандығынан айыруға соттады. Жазаны қолдану мерзімі 3 жастағы мүгедек баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды. Сотталушы бюджеттен жымқырған қаржыны толықтай қайтаруға міндеттелді», – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button