8 наурыз мейрамы туралы қызықты 8 дерек

8 наурыз мейрамы туралы қызықты 8 дерек

8 наурыз мейрамы туралы қызықты 8 дерек
ашық дереккөзі
1857 жылдың 8 наурызында Нью-Йорк қаласында тігін және аяқ-киім фабрикаларында жұмыс істейтін әйелдер бас көтерген болатын. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, құрғақ және жарық жұмыс орындарын және жалақыны ер адамдардыкімен теңестіруді талап еткен. Бұған дейін әйелдер тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, алатын еңбекақылары өте төмен болған. Ереуіл нәтижесінде кәсіподақ құрылып, оның құрамына әйелдер тағайындала бастады. 1908 жылдың 8 наурызында әйелдер балалардың еңбек етуіне тыйым салуды және әйелдердің дауыс беру құқығын талап етті. 1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында Клара Цеткин 8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды, әйелдерді өз құқықтары мен теңдік үшін күресуге шақырды. Бұл үндеу әлемнің көптеген елдеріндегі әйелдерінен қолдау тапты. 1911 жылы бұл мейрам Дания, Германия, Швейцария және Австрияда атап өтіле бастады. 8 наурызды мереке деп мойындамайтын мемлекеттер бар. Бірақ бірнеше елде, атап айтқанда, АҚШ – «Аналар күні», Францияда – «Әжелер күні», Жапонияда – «Қыздар күні» деген бар. Олар жаз айларында тойланады екен. Қазір 8 наурыз Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Ауғанстан, Беларусь, Буркина-Фасо, Вьетнам, Гвинея-Бисау, Грузия, Замбия, Камбоджа, Қырғызстан, Кирибати, Қытай, Коста-Рика, Куба, Лаос, Мадагаскар, Молдова, Моңғолия, Непал, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Уганда, Өзбекстан, Украина, Хорватия, Черногория, Эритрея, Латвия сынды әлем елдерінде аталып өтіледі. Бұл күні Мадагаскарда тек әйелдер ғана демалады екен. Ал Қытайда 8 наурыз мүлдем демалыс күні деп бекітілмеген. Қазақстанда ресми түрде демалыс күні деп 1966 жылы жарияланған болатын. Ресей империясында Халықаралық әйелдер күні алғаш рет 1913 жылы Петербург қаласында тойланды. 2 наурызда Калашниковский нан биржасының ғимаратында мың жарымға жуық кісі жиналған еді.Олар әйелдердің дауыс беру құқығы, аналарға көрсетілетін мемлекеттік көмек сынды мәселелерді көтерген болатын. 1977 жылы БҰҰ 8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күнін атап өте бастады. 1920 жылдан бастап Клара Цеткин Компартия атынан бірнеше рет рейхстагке депутат етіп сайланып, кеңестік Ресейге жұмыс бабымен жіберіліп тұратын. Сол уақытта ол В. Ленинмен бірнеше мәрте жүздескен. inbusiness.kz