Мұнай бағасы 5 пайызға құлдырады
6 наурыз, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Мұнай бағасы 5 пайызға құлдырады
6 наурыз күні Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2017 жылдың жазынан бері алғаш рет 48 долларға төмендеді.
Мұнай баррелінің бағасы 5 пайызға жуық құлдырап, 47,1 долларға түсіп, соңынан 47,58 долларға көтерілді. Сондай-ақ WTI маркілі мұнай бағасы да төмендеді. Сәуір айындағы фьючерстер баррелі үшін 44,43 долларға сауда жүргізуде.