Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевпен кездесті

Сондай-ақ!

Дәрігерлер ер адамның мұрнында 50 жыл тұрған тиынды алып тастады

Мәскеулік дәрігерлер пациенттің мұрын қуысында 50 жыл бойы тұрған тиынды алып тастады. Ота бір жарым сағатқа созылған. Бұл туралы Мәскеу денсаулық сақтау басқармасының ресми...

Минскте қазақ сыныбы ашылды

Минск қаласында М.Әуезов атындағы № 143 орта мектепте Әл-Фараби атындағы сынып ашылды. Мұнда енді қазақ тілі, тарихы мен әдебиеті оқытылмақ. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Беларусь...

Президент Қарағандыдағы бірқатар спорт нысанын аралады

Қазақстан Президенті Қарағанды қаласындағы жаңадан салынған теннис орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір мезгілде 650 бала жаттыға алады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Нысанның инфрақұрылымы әлемнің...

Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

Алматыда шағын жүк көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды. Оқиға Петрозаводская көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі аударылып қалған. Қалалық полиция департаментінің оқыс оқиғаға қатысты тексеруді...

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесті, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дмитрий Медведев екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын қарастырды. Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді.

– Сіздің мемлекеттік қызметтегі бай тәжірибеңіз Ресейдің мемлекеттілігін нығайту ісіне, әсіресе қазір, елдеріңіз өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқан кезде зор үлес қосатыны сөзсіз. Конституциялық реформалардың орны ерекше. Біз оны мұқият зерттеп жатырмыз. Әрине, біз одақтас әрі стратегиялық серіктес болғандықтан, Қазақстан оған айрықша қызығушылық танытады, – деді Президент.

Дмитрий Медведев өзінің жаңа лауазымда елімізге жасаған сапарының символдық мәні бар екенін айтты.

– Мен мұнан достығымыздың, одақтастығымыздың символын көріп отырмын. Менің соңғы жылдары атқарған қызметтерімдегі мемлекеттік сапарларым, ең алдымен, Сіздің еліңізге жасалды. Бұл бір-бірімізді жақсы түсінуге, стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастық қатынастарымызды нығайтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деді Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің жүрекжарды сәлемін жеткізді.

Дмитрий Медведев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық туралы айта келе, оның мейлінше маңызды даму кезеңінде тұрғанын атап өтті.

– Сіз Ресейде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларға назар аудардыңыз. Біз де Қазақстандағы үдерістерді мұқият бақылап отырмыз. Достас, серіктес саналғандықтан басқаша болуы мүмкін емес. Біз бір-біріміздің дамуымызға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, белгілі бір деңгейде өткен кезеңнен, дамуымыздың кейбір сәттерінен сабақ алуымыз керек. Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары ретінде менің кездесулерімнің бұған септігі тиюі үшін тырысамын, – деді Дмитрий Медведев.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде, соның ішінде коронавирус індетінің таралуына қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы пікір алмасты.

Редакция таңдауы

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Досмұхамбет Кішібеков: Аштықты да, соғысты да көрдім, тәуелсіздікке тәуба

Кім-кімге де ұзақ өмір сүру маңызды шығар, бірақ уақытты босқа өткізбейтін, ғұмырының бар кезеңі талпынысқа толы жандардың өсу, жетістікке жету жолындағы жанқиярлық еңбегі әрдайым...

«Халық шешсін!» Қырғызстан атауын өзгерту мәселесі көтерілді

«Қырғыз жолы» қоғамының жетекшісі Қадырбек Қошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды...

Дәрігерлер ер адамның мұрнында 50 жыл тұрған тиынды алып тастады

Мәскеулік дәрігерлер пациенттің мұрын қуысында 50 жыл бойы тұрған тиынды алып тастады....
Нобель сыйлығына үміткер әйгілі қазақ ғалымы

Нобель сыйлығына үміткер әйгілі қазақ ғалымы жайлы не білеміз?

Әйгілі химик Хабибулла Оспанов – Қазақстан тарихында әлемдік деңгейде төрт жаңалық ашқан...

Моңғолияда Шәмші әндерінің байқауы жарияланды

 Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ мәдениеті мен ән өнеріне...

Минскте қазақ сыныбы ашылды

Минск қаласында М.Әуезов атындағы № 143 орта мектепте Әл-Фараби атындағы сынып ашылды....

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...